Home » Біз туралы

Біз туралы

Қазақстанның рухани мұрасын жаңғырту жолында тағы бір маңызды қадам жасалып, Әлмерек абыз атындағы ақпараттық портал – almerek-abyz.kz – өз жұмысын бастады. Біздің басты мақсатымыз – халқымыздың мәдени, рухани және тарихи құндылықтарын дәріптеп, ұлттық болмысты, дәстүр мен салтты болашақ ұрпаққа насихаттау.

Жаңа онлайн алаңымызда сіз Әлмерек абыздың тағылымға толы өмірі мен мұрасы жайлы мол мәліметтерге қанығып, қазақ халқының дәстүрлі өнері, рухани құндылықтары мен салт-санасы туралы тың деректерді таба аласыз. Сонымен қатар, портал бетінде жас ұрпаққа арналған мақалалар, зерттеулер мен фото-бейнематериалдар ұсыну арқылы ұлттық тарихымызды тереңірек зерделеуге, ата-баба мұрасына құрметпен қарауға шақырамыз.

Әлмерек абыз атындағы ақпараттық портал – еліміздің рухани, ақпараттық кеңістігін кеңейтіп қана қоймай, ұлт мәдениетін, тарихын және болмысын дәріптеудегі маңызды мәдени құбылыс. Біз ұрпақтарды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, рухани үндестікті сақтауға және болашаққа нық қадам жасауға бастайтын игілікті істі жалғастырамыз. Бізбен бірге болыңыз!

Логотип жүрктеу:

Бірінші нұсқа