Home » Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен сөйлесті

Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен сөйлесті

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, бауырлас Әзербайжан халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Мемлекет басшысы қазақ-әзербайжан қатынастарын дамытуға қосқан Ильхам Әлиевтің елеулі үлесін жоғары бағалады.

Президенттер екіжақты ықпалдастықтың қарқыны жоғары екенін атап өтіп, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту перспективасын талқылады.

Әсіресе, жоғары деңгейдегі сапарлар кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселесіне айрықша мән берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *