Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты
Алматы облыстық әкімшілігі
Әлмерек баба тарихи-мәдени қоры
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Биыл, 2019 жылы Әлмерек Жаншықұлының туғанына 360 жыл толып отыр. Әлмерек Жаншықұлы халқымыздың жоңғар қалмақтарына қарсы күрес заманында өмір сүріп, аты ұранға айналған батыр, елге ақылшы абыз болды. Әлмерек абыз 1754 жылы 96 жасында өзінен бұрын 49 жасында өмірден қайтқан үлкен ұлы Жәнібек батырдың жанына, Алматы қаласының солтүстік бағытында, қазіргі Әлмерек елді мекені маңына жерленген. Ұрпақтары жиналып 1998 жылы «Әлмерек баба мәдени-тарихи қоғамдық қор» құрып, басына үлкен кесене тұрғызған. Шырақшылар да тағайындалған. Маңындағы шипалы 5 түрлі бұлағынан су ішіп, құйынып бойына қуат, сырқатына ем алу үшін Қазақстанның барлық түкпір-түкпірінен, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, ҚХР сияқты шет елдерден халық күндіз-түні келіп жатады.
Ол қатынасқан алғашқы соғыс 1683 жылы Темірлік өзенінің шығысында, Қарадалада өтеді. Бұл кезде Әлмерек жиырма бесте, Ханкелді батыр жиырмаға толмаған кезі.
Әлмерек бастаған Албан қолы, сол кезеңде Қордай, Шу, Талас, Алматы маңы, Қорам, Шелек, Асы, Сөгеті, Бұғыты, Көкпек, Торайғыр, Қарадала, Шарын, Жабырда қалмақтармен болған барлық шайқастарға қатысты. Бұдан кейін Албан тайпасының бас биі Сүйіндіктің ұсынысымен ел басқару ісіне ауысып, қолбасылыққа Хангелді батыр сайланады.
Әлмеректің ел есінде көбірек сақталған тағы бір қыры – абыз атануы. Батыр туралы жазушылар Әскер Тойғанбекұлы мен Ораз Қауғабайлар оның батырлық, абыздық, көріпкел-әулие, батагөй-шешен ретіндегі болмысын ашып деректі романдар жазды.
Әлмерек Ұлы жүздің төбе биі Төле бимен тікелей байланыста болған. Екеуінің арасында аға-інілік, туыстық қарым-қатынас орнаған. Оның Әз Тәуке ханның жиындарына қатынасып айтқан аталы сөздері халық арасында осы кезге дейін сақталған.
Әлмерек бабаның өз кіндігінен Жәнібек, Баба, Құрман, Тоқан, Қаракісі, Елдей, Жайық, Жұмық болып 8 рулы ел тарайды. Олар Қазақстаннан басқа көрші Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, ал негізгі бөлігі Алматы облысында тұрып жатыр. Әлмерек бабаның ұрпақтары соңғы 360 жылда қазақ халқының басынан өткен барлық тарихи оқиғаларға белсене араласты. Мысалы: Үлкен ұлы Жәнібек батырдан тараған шөпшегі Мұсылманбай 1758 жылы Әбілпейіз ханның ұйғарымымен Төле бидің баласы Жолан екеуі Қазақ хандығының атынан Пекинге, Қытай императорына елшілікке барады. Ол кісінің Шапырашты Наурызбай батырдың қызы Шаңқанайдан туған ұлы Тазабек батыр қазақ ауылына зорлық көрсеткен казак отрядын қырып тастап, 1000 түтін Бозымды бастап Қытайға көшеді. Тазабек батырдың ерлік істері туралы нақты тарихи жазба деректер баршылық. Ол «Тау көкжалы» атанып қытай қазақтарының тарихи оқулықтарына енген тұлға. Тазабектің ұлы Солтанбек биден тараған ұрпақтары 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс көсемдерінің бірі Әубәкір, Қарқара шайқасында қол бастаған Жақыпберді мерген, Әуезхан ақын.
Құрман руынан тараған ұрпақтары Түменбай би әулетінен Алпар би, одан Саурық батыр және оның ұлы, кешегі 1916 жылғы көтерілістің басшысы Ұзақ батыр. Құрман руынан шыққан Қара батыр, Шалтабай ақын, Қожеке күйші, жазушы Б.Соқпақбаев, академик Карл Байпақов, академк Нұрғали Мамыров, қоғам қайраткері Бек Құндақбаев, өнер тарландары Есмұқан Обаев, Нұрғанат Жақыпбев сияқты белгілі тұлғалар да Әлмерек ұрпақтары. Ал Баба руынан – Қашаған би, Тұрысбек. Тоқаннан – Баршық батыр, Адыр шешен. Қаракісіден – Қорам, Бекбау сияқты танымал адамдар шыққан.
2019 жылдың 15 қарашасында ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және Алматы облыстық әкімшілігі мен Әлмерек баба тарихи-мәдени қоғамдық Әлмерек батыр Жаншықұлының туғанына 360 жыл толуына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ТҰЛҒАЛАРЫ-ТАРИХИ САБАҚТАСТЫҚ» атты Республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференция өткізеді.
Конференция жұмысына белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері, жазушылар мен ұрпақтары қатысады.
Өткізілу орны мен уақыты: Алматы қаласы, Шевченко к-сі, 28, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Тіркелуі – сағ. 08.30., басталуы – сағ. 09.00.
Конференцияның мақсаты – Батыр, қолбасы, қоғамдық қайраткер, әулие-абыз бабаның өмір жолымен және оның ұрпақтарының қазақ елінің бостандығын қорғаудағы сіңірген еңбектері мен ерліктері туралы зерттеу мәліметтерін халыққа таныстыру.
Конференцияның міндеттері – Әлмерек Жаншықұлының өмірі мен оның ұрпақтарының қайраткерлік тұлғалары туралы ғылыми зерттеулер тұрғысынан тұлғалардың қоғамдағы орны мен рөлі туралы жаңа түсініктер қалыптастыру.
Конференция жұмысының тілі – қазақ.
Конференцияға қатысуға өтініш (Алматық.,Шевченкок-сі,28.ҚРБҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты) 2019 ж. 10 қазанына дейін қабылданады. Ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасы: abdybekov60@mail.ru Әбдібек Нұрлан тел.: 8-707-351-47-11.
Аты-жөні (толық) ______________________________________________________________
Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): _______________________________________________
Лауазымы: ___________________________________________________________________
Ұйымның толық атауы: _________________________________________________________
Байланыс телефоны: ___________________________________________________________
Автордың адресі:______________________________________________________________
Факс, E-mail __________________________________________________________________
Мақалаға қысқаша аннотация, тақырыбы:__________________________________________
Баяндамаларды рәсімдеу үлгісі
- Мәтін тілі – қазақ,орыс.
- Баяндама көлемі – 5-8 бет.
- Беттің параметрлері Word 97-2003, файлдың аты мақала авторының тегімен сәйкес болуы тиіс. Жиегі: жоғары және төменгі – 2 см; сол – 3; оң –1,5.
- Бағдары – кітаптық; шрифт – Times NewRoman.
- Кегль – 14; азат жол – 1,25см.
- Жолдар аралығы – 1 интервал; ені бойынша түзулеу керек.
- Тақырыптың үстіне беттің оң жағында автордың тегі мен аты- жөнінің бірінші әріптері, жұмыс орны, ғылыми дәрежесі/атағы, жақшаның ішінде қаласы көрсетіледі, тақырып мәтіннен «бос жолмен» бөлінеді.
- Әдебиеттер тізімі мәтіннің соңында беріледі (кегль 12) және еңбектердің көрсетілу тәртібі бойынша құрастырылады. Әдебиеттерге сілтемелер мәтін ішінде тік жақшамен, әдебиеттер тізіміндегі еңбектің нөміріне сәйкес нөмір түрінде рәсімделеді. Цитата қолдану кезінде міндетті түрде қай беттен алынғанын көрсету керек, мысалы: [1,200-б.].
- Талапқа сәйкес рәсімделмеген, ұйымдастыру комитетіне мерзімінен кеш берілген мақалалар ғылыми жинаққа енгізілмейді. Мақала мазмұнына автор жауап береді. Конференцияны ұйымдастыру комитеті конференцияға материалдарды таңдау құқын өздеріне қалдырады.